Сейсмологтар Алматыдағы жер сілкінісінен кейін мәлімдеме жасады

0
168

Орталық өкілдері атап өткендей, осы жылдың басынан бері көп "сарапшы" бірнеше рет: қаңтарда, ақпанда, кейін Мьянма мен Түркиядағы оқиғалардан соң жойқын жер сілкінісін болжады.


Сейсмологтар Алматыдағы жер сілкінісінен кейін мәлімдеме жасады

Сурет: Zakon.kz.

ERNUR.KZ. Қазақстан ТЖМ жанындағы Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығы (ҰСБЗҒО) Алматы тұрғындарына қалада тіркелген жер асты дүмпулеріне байланысты үндеу жасады, деп жазады zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, "Бұл – өңір үшін қалыпты саналатын Ақсу аймағындағы стандартты сейсморежим аясында болған оқиға".

"Назар аударуларыңызды сұраймыз: эпицентр тіпті Алматы облысында емес – ол Қытай аумағында, Алматыдан 300 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан… Бәріңізге еске саламыз, біздің Орталық тәулік бойы аймақтағы жағдайды бақылап отырады. Әр апта сайын сараптамалық комиссия жиналып, деректерге талдау жасайды және қорытынды шығарады. Қауіпті жер сілкінісінің жақындап келе жатқанын көрсететін ешқандай аномалия анықталған жоқ. Ресми сейсмологияға және біздің Орталыққа қатысы жоқ адамдардың болжамдары мен қауесеттеріне сенбеулеріңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Орталық өкілдері атап өткендей, осы жылдың басынан бері көп "сарапшы" бірнеше рет: қаңтарда, ақпанда, кейін Мьянма мен Түркиядағы оқиғалардан соң жойқын жер сілкінісін болжады.

"Жуырда бір "астролог" Алматыда 10-23 тамыз аралығында жойқын жер сілкінісі болады деп болжап еді. Өздеріңіз байқағандай, олардың бірде-бірі орындалған жоқ. Бұл, біріншіден, мұндай "мамандардың" шынайы білігі мен болжамдарының нақтылығы туралы ойлануға себеп. Екіншіден, мұндай "болжамдар" адамдардың үрейлендіру немесе хайп жасау мақсатында жасалатынын көрсетеді, - делінген мәлімдеді ҰСБЗҒО.

Сейсмологтар тек ғылымға және "Қазақстандағы жер сілкінісі жөнінде ресми мәлімдеме жасауға және болжам айтуға өкілетті жалғыз мекеме – ТЖМ ҰСБЗҒО-ға" сенуге үндеді.