Семей орманындағы өрт: тексерушілердің көлігі құжатпен бірге қалай жанып кеткен

0
355

Видеода "Семей орманының" былығын тапқан тексерушілердің көлігін түнгі сағат 3-те қасақана өртеген екен" деген жазу бар.


Семей орманындағы өрт: тексерушілердің көлігі құжатпен бірге қалай жанып кеткен

ERNUR.KZ. Семей орманындағы өрттен кейін әлеуметтік желіде жанып кеткен джиптің видеосы тарады, деп жазады sputnik.kz.


Видеода "Семей орманының" былығын тапқан тексерушілердің көлігін түнгі сағат 3-те қасақана өртеген екен" деген жазу бар. Автордың айтуынша, көлікте құжат болған.
"Көлігімізді өрттеп жібергеніне қарағанда біз дұрыс жолдамыз. Біз ешкім кірмесін, құжат алмасын деп, әдейі кабинетте құжаттарды де қалдырмаймыз ғой. Міне, біздің құжаттарымыз, бірдеңесі қалды, жанып кеткені де бар", - дейді ол.
Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті "Toyota Land Cruiser 70" маркалы джип 1 маусым күні түнгі сағат 03:48 Семей қаласы, Латиф Хамиди көшесі, 2/1 мекенжайында өртенген мәлімдеді.
"Автокөлік ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охот зоопром" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына тиесілі. Сондай-ақ, осы өрт фактісі бойынша Семей қаласы Затон ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 202-бабы, 2-тармақша 3-бөлімі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - делінген ресми жауапта.
Өрт кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.
Айта кетері, Семейде көрсетілген мекенжайда қонақ үй орналасқан. Джип соның тұрағында жанып кетті.
Бұған дейін орман өртінде қаза тапқан орманшылардың туыстары да тексеріспен келген джиптің жанып кеткені туралы айтқан. Филиал директоры ондай джиптің бар екенін растады.