Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12 жылға сотталды: Марқұмның жақындары үкіммен келіспейді

0
281

Сұмдық оқиға жыл басында Үржар ауданында болған.


Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12 жылға сотталды: Марқұмның жақындары үкіммен келіспейді

фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды. Судья қанды қылмысты жасады деген күдіктіні 12 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ бұл үкіммен жәбірленуші тарап келіспей отыр, деп жазады stan.kz.

Сұмдық оқиға жыл басында Үржар ауданында болған. Жергілікті тұрғындардың бірі түнде дүкеннің алдында адам өліп жатқанын көріп жедел жәрдем шақыртқан. 22 жастағы Рахат Райбекті аяусыз пышақтап кеткен екен. Марқұмның туыстары бір үйдің жалғыз ұлына 21 жерден пышақ салған дейді. Кейін осындай айуандыққа барды деген күдікпен жергілікті тұрғындардың бірі ұсталды.

“Қылмысыкерге аса жоғары жаза берілген жоқ . Бізең жоғарғы жаза берсін деп бірнеше рет талап-өтініш жазғанбыз. Өкінішке қарай, тергеу ісі де, сот тергеу ісі де қанағаттандырмады. Енді біз апелляцияға беріп, әрі қарай әділдіктің, шындықтың түбіне жетуге дайынбыз”, – дейді марқұмның әпкесі Шолпан Мұхамеджанова.

Судья жалған куәгер болғандардың бәрін жауапқа тарту туралы да шешім шығарды. Сондай-ақ әскери комиссариатқа да тексеріс жүргізілетін болады. Себебі, қара жамылған отбасы айғақтарды жоюға көмектескендердің барлығын жауапқа тартуды талап еткен. Ал сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтемек.

“Қанат Саматұлы Пұшпақпаев, ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігіне сай қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылсын. ҚР ҚК 46-бабы, 5-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтесін”, – деді судья Айжан Бесеева.