Семейде 3 жасар бала сегізінші қабаттың терезесінен құлап кетті

0
487

Семейде 2019 жылы туылған ер бала сегізінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап түсті.


Семейде 3 жасар бала сегізінші қабаттың терезесінен құлап кетті

ERNUR.KZ. Бала қазір ауыр халде ауруханада жатыр, деп жазады zakon.kz.

Анасының сөзінше, бала терезе жақтауына шығып ойнағанды жақсы көрген.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, жазатайым оқиға 6 шілде күні 13:00 шамасында Сорокин көшесінде болған.

Баланың анасы ол кезде сол бөлмеде кенже баласын тамақтандырып отырған. Анасының айтуынша, ұлы терезе жақтауына шығып ойнағанды жақсы көрген. Қазір бала ауыр халде ауруханада жатыр.ШҚО ТЖД баспасөз қызметі