ЖЭО салу жобасы Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарында көзделген.
ERNUR.KZ. Семей қаласында заманауи жылу электр орталығы салынады. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
ЖЭО салу жобасы Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарында көзделген. Облыс әкімі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылымды дамыту саласында 732,9 миллиард теңгеге 13 іс-шара қамтылғанын атап өтті.
"Президенттің тапсырмасына сәйкес және үкіметтің қолдауымен Кешенді жоспарға Семей қаласында заманауи жылу электр орталығын салу жобасы (481,8 миллиард теңге) енгізілді", - деді Ұранхаев үкімет отырысында.
Сондай-ақ жылу көздерін, электр, сумен жабдықтау желілерін, кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жобалары жүзеге асырылады.
Жалпы Абай облысын әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытуға 1,9 триллион теңге бөлінеді.