Семейде қарғалар балабақшаға келген адамдарға шабуыл жасаған

0
91

Семейдегі №20 көшеде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің маңында ерекше құтқару операциясы өтті.


Семейде қарғалар балабақшаға келген адамдарға шабуыл жасаған

Фото: t.me/qr_tjm

ERNUR.KZ. Семейде ТЖМ қызметкерлері балалар мен олардың ата аналарын қарғалардың шабуылынан құтқарды, деп жазады tengrinews.kz.

Семейдегі №20 көшеде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің маңында ерекше құтқару операциясы өтті.

"Қарғаның балапаны ұядан жеке балабақшаның кіреберісіне құлап кетіп, қарғалар балапанын қорғау үшін мектепке дейінгі мекемеге кіргісі келгеннің барлығына шабуыл жасаған", - деп жазылған хабарламада.

Жедел құтқару жасағының қызметкерлері балапанды адамдардан қауіпсіз қашыққа апарған. Құтқару операциясы сәтті әрі тез өткен.