Семейде монша өртеніп, 2 адам зардап шекті

0
859

Өрттің себебі анықталып жатыр.


Семейде монша өртеніп, 2 адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Абай облысындағы моншада шыққан өрттен екі ер адам зардап шекті, деп жазады Tengrinews.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 ақпанда кешкі сағат 7 шамасында Қаржаубайұлы көшесінде монша кешенінде өрт болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Газгольдердің жеке тұрған үй-жайында газ ағып, алдын-ала болжам бойынша жалпы ауданы 75 шаршы метр жақын маңдағы қазандыққа таралған. Өрт кезінде екі ер адам зардап шекті", - делінген хабарламада.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өртті жоюға 8 бірлік техника мен жеке құрамның 27 адамы жұмылдырылған.