Мұз жарылып, ойыққа түсіп кеткен бойжеткеннің бірі көз жұмды.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 23,24 жастағы қыздар Ертіс өзеніне суретке түсу үшін барған, деп жазады Экспресс К.
Жақын маңда қыздардың бірінің әкесі болған. Әли Тораев өзінің 24 жастағы қызын дер кезінде судан шығарып алды.
"23 жастағы туыс қызын құтқаруға оқталған ер адам судан марқұмның денесін алып шықты", - деді облыстық департаменттегілер.
ТЖД-нің қызметкерлері облыс тұрғындарына мұз үстінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.