Семейде студент өмір бойына бас бостандығынан айырылды

0
130

Ол жасөспірімдерге сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған.


Семейде студент өмір бойына бас бостандығынан айырылды

фото: Photo : Chanzj

ERNUR.KZ. Семей қаласында студент өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп жазады sputnik.kz.
Заң факультеті студентінің 2022 жылдың мамыры мен 2025 жылдың қаңтар айларында 12 және 13 жастағы балаларға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны анықталды.
Сотта прокурор сотталушыны педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.
Жәбірленушілердің заңды өкілдері мемлекеттік айыптаушыны қолдады. Ал сотталушы өзіне тағылған айыптарды мойындамай, өзін ақтауды сұрады.
Сот оны кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.