Семейде тәрбиеші баланы әріп білмегені үшін сабаған

0
244

Балабақша әкімшілігі ұсынған видео ата-аналардың бұл сөзіне дәлел болды.


Семейде тәрбиеші баланы әріп білмегені үшін сабаған

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Семейдегі мектепке дейінгі мекемелердің бірінде балаларды ұрып-соққан тәрбиеші жұмыстан шеттетілді, деп жазады stan.kz.

Ата-аналардың айтуынша, тәрбиеші балаларды әріп білмегені үшін және басқа бағдарламаны меңгере алмағаны үшін ұрып-соққан. Балабақша әкімшілігі ұсынған видео ата-аналардың бұл сөзіне дәлел болды.

"SEMEI TV" арнасының мәліметінше, тәрбиеші жұмыстан шеттетілді. Сондай-ақ сегіз ата-ана тәрбиешінің үстінен арыз жазғандықтан, 140-бап бойынша педагогке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал мекеме басшысына қатаң сөгіс жарияланды.

Болған жағдайдан кейін де балалар балабақшаға барып жүр.

Бұған дейін Павлодар облысында әлеуметтік мекемеде тәрбиешілер аса қажеттігі бар балаларды ұрып-соққаны туралы жазған едік.