Қала әкімдігі тексеріс жүргізіп, бұл жағдайдың себебін анықтаған.
ERNUR.KZ. Семей қаласындағы Қарағайлы көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түсті, деп жазады ulysmedia.kz.
Қала әкімдігі тексеріс жүргізіп, бұл жағдайдың себебін анықтаған.
«Аталған көшедегі 22-ші үй қасбетінің опырылуына байланысты шаһар әкімінің тапсырмасымен аккредиттелген арнайы ұйым ғимараттың техникалық жағдайын зерттеді. Соның нәтижелері бойынша сылақ қабаты материалдарының әркелкілігіне байланысты осындай жағдайдың болғаны анықталған. Сондай-ақ тұрғын үйдің сыртын әрлеу жұмыстары жобадан ауытқыған», - делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қазіргі уақытта опырылған сыртқы қаптаманы қалыпқа келтіру мәселесі шешілуде.