Семейде ЖЭО-да апат кезінде көмірді қолмен салып шыққан әскерилер марапатталды

0
405

ТЖМ 68303 әскери бөлімі мен ҚМ 28738 әскери бөлімінің жеке құрамы жалпы көлемі 34 тоннаға жуық көмірді қазандық агрегатына үздіксіз қолмен салған болатын.


Семейде ЖЭО-да апат кезінде көмірді қолмен салып шыққан әскерилер марапатталды

ERNUR.KZ. Семей қаласында көмір беру жүйесі істен шыққан ЖЭО-да көмірді қолмен салып шыққан әскерилер марапатталды, деп жазады inbusiness.kz.

Семейде қала әкімінің орынбасары Данияр Кәрімов сарбаздармен кездесіп, өз ризашылығын білдіріп, грамоталар табыстады.

Қаланың сол жағалауын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-дағы апатты жою үшін бір күн қажет болды. Осы уақытта “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының 60 әскери қызметкері қатты отынды қолмен тиеді. Жұмыс 20 адамнан тұратын үш ауысымда ұйымдастырылды, бұл тұрғын үйлерге үздіксіз жылу беруді қамтамасыз етуге көмектесті.

Айта кетейік, 15 желтоқсанда сағат 00:34-те Семейдегі №1 ЖЭО-да ұзындығы 6 метр алаңда транспортер лентасы мен электр кабельдері жанған болатын. Сағат 1.36-да өрт толығымен сөндірілді. Алайда өрт салдарынан көмір беру жүйесінің жұмысы тоқтатылды. Сол кезде ТЖМ 68303 әскери бөлімі мен ҚМ 28738 әскери бөлімінің жеке құрамы жалпы көлемі 34 тоннаға жуық көмірді қазандық агрегатына үздіксіз қолмен салып отырған еді.