Семейдегі сталкинг: Жұртты шошытқан қыз психиатриялық ауруханаға жатқызылды

0
71

Зардап шегуші бастапқыда қылмыстық жаза талап етпегенін және шабуылдаушының түрмеге қамалғанын көздемегенін атап өтті.


Семейдегі сталкинг: Жұртты шошытқан қыз психиатриялық ауруханаға жатқызылды

ERNUR.KZ. Семейде түнде бір тұрғынды қудалаған қыз психиатриялық ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде зардап шегуші, 24 жастағы Аружан мәлім етті, деп жазады baq.kz.

Оның сөзінше, істі тергеу аяқталды.

Оны ақыры психиатриялық ауруханаға жатқызды. Міне, осымен болды, – деп жазды Аружан.

Зардап шегуші бастапқыда қылмыстық жаза талап етпегенін және шабуылдаушының түрмеге қамалғанын көздемегенін атап өтті. Әрі қарай ол тек оның өзіне жақындауына тыйым салу туралы арыз беруді жоспарлап отырғанын жазды.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын TikTok пен өзге де әлеуметтік желілерде Семей қаласының тұрғыны жариялаған видео қызу талқыға түсті. Бейнежазба авторы өзін бейтаныс әйелдің аңдып жүргенін (сталкинг) мәлімдеді.