Семейдегі ЖЭО-да өрт шықты: құтқарушылар мен әскерилер көмірді қолмен тасып жатыр

0
431

​Қорғаныс және төтенше жағдай министрліктерінің қызметкерлері ЖЭО қазандығына көмірді қолмен салып жатыр.


Семейдегі ЖЭО-да өрт шықты: құтқарушылар мен әскерилер көмірді қолмен тасып жатыр

ERNUR.KZ. Семей қаласында 1-жылу электр орталығынан өрт шықты. Тұрғындарға жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін құтқарушылар мен әскери қызметшілер көмірді қолмен тасып салып жатыр, деп жазады sputnik.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, бүгін түнгі сағат 00.34-те Абай облысы Семей қаласында 1-ЖЭО-да ұзындығы 6 метр алаңда транспортер лентасы мен электр кабельдері жанған. Өрт бір сағаттан кейін толығымен сөндірілді.
Құтқарушылар мен әскери қызметшілер қазандыққа көмірді қолмен тасып салып жатыр

"Өрт салдарынан қатты отын – көмір беру жүйесінің жұмысы тоқтатылды. Сағат 10-нан бастап Төтенше жағдайлар және қорғаныс министрліктері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері үздіксіз режимде қазандық агрегаттарына қатты отынды қолмен салу жұмыстарын бастады", - деп хабарлады министрлік.