Семейдегі №1 ЖЭО қайтадан толықтай іске қосылған.
ERNUR.KZ. Семей қаласында көмір беру жүйесі істен шыққан жылу электр орталығының жұмысы қалпына келтірілді, деп жазады ulysmedia.kz.
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Семейдегі №1 ЖЭО қайтадан толықтай іске қосылған.
«Қалпына келтіру жұмыстарына ТЖМ мен әскерилерден 100-ден астам адам жұмылдырылды. Отынмен қамтамасыз етудің кабельдік желілерін жөндеу жұмыстарын «Теплокоммунэнерго» МКК-дан 20 адам, «ОЭСК» АҚ-дан 8 адам, «МЭПС» МКК-дан 6 адам, «АзияПроектМонтаж» ЖК-дан 3 адам, «Попов» ЖК-дан 2 адам жүргізді. Сондай-ақ Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары да тартылды. Соның нәтижесінде, қаланың сол жағалауының тең жартысын жылумен қамтамасыз етіп отырған нысанның жұмысы тоқтаған жоқ», - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, Семей қаласында №1 ЖЭО-да ұзындығы 6 метр алаңда транспортер лентасы мен электр кабельдері жанған болатын. Сағат 1.36-да өрт толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан көмір беру жүйесінің жұмысы тоқтатылды.