Семейлік зейнеткер полицияның екі көлігін өртеп жіберді (ВИДЕО)

0
100

Тәртіп сақшылары көліктерді өртеп жіберген ер адамды тапты.


Семейлік зейнеткер полицияның екі көлігін өртеп жіберді (ВИДЕО)

фото: Sputnik / Анатолий Устиненко

ERNUR.KZ. Семей тұрғыны полицияның екі көлігін өртеп жіберді, деп жазады sputnik.kz.
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Онда ер адамның екі көлікке бензин шашып, жағып кеткені анық көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, жанып кеткен көліктер учаскелік полицияға тиесілі.
Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Тәртіп сақшылары көліктерді өртеп жіберген ер адамды тапты.
"25 қаңтар күні сағат 18:10-да бұрын сотталған 66 жастағы қала тұрғыны мас күйінде учаскелік полиция пунктінің алдында "Chevrolet Cobalt" және "Changan" қызметтік көліктерді жағып жіберген. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.
Айта кетері, бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бабы бойынша 3 000-7 000 айлық есептік көрсеткішке (12 975 000 – 30 275 000 теңгеге) дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, я болмаса, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.