1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнінде Семейде «Қымызмұрындық» мерекесі өтті. Жиналған тұрғындарға қымыздың 11 түрі тегін үлестірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнінде Семейде «Қымызмұрындық» мерекесі өтті. Жиналған тұрғындарға қымыздың 11 түрі тегін үлестірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Қымызмұрындық» мерекесі қалада дәстүрге айналған. Орталық саябақта өткен шарада қымыздың құнан, дөнен, бесті, бал, түңеме, сірге жияр, сары, уыз, жуса, басты, қысырақ қымыз түрі көпшілікке ұсынылды. Барлығы 600 литр. Шараны ұйымдастырған қалалық Мәдениет бөлімі мен «Қазақ» әлеуметтік-мәдени орталығы, «Ахау, Семей!» этномәдени орталығының әжелері.
Қымыздан дәм татушыларға сондай-ақ сусынның тарихы мен жасалу жолдары туралы да айтылды. «Жыл өткен сайын мерекеге қызығушылық артып келеді. Былтыр 200 литр қымыз берілсе, биыл 600 литрден артық қымызды тұрғындарға тегін бердік. Мерекеге жиналғандар қымызды қанғанша ішті. Негізі 500 литр қымыз әкелінген. Бірақ соңында жетпей қосымша 100 литрден артық тағы әкелінді. Шамамен 5 мыңнан астам адамға берілді»,-деді «Ахау, Семей!» этномәдени орталығының төрайымы Гүлжиһан Жұматаева.