​Сенатор Н.Бекназаров Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдады

0
750

Сауалда Шымкент қаласына іс-сапар барысында депутаттың ата-аналар, қоғам белсенділері мен мәслихат депутаттарыменен кездесулерде көтерілген күрделі мәселе қамтылған.


​Сенатор Н.Бекназаров Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдады

Сенат депутаты Н.Бекназаров Парламент отырысында білім саласындағы мәселелерге қатысты Премьер-Министр А.Маминнің атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сауалда Ел Президентінің үстіміздегі жылғы жолдауындағы білім беру саласы бойынша тапсырмаларын орындауға қатысты және Шымкент қаласына іс-сапар барысында депутаттың ата-аналар, қоғам белсенділері мен мәслихат депутаттарыменен кездесулерде көтерілген күрделі мәселе қамтылған.
Сенатор өз сауалында мектептердегі білім алатын әлеуметтік көмекке мұқтаж санатындағы оқушыларды оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен, киім және бір реттік тамақтандыруды қамтамасыз ету мәселесі бойынша шешу жолдарын ұсына отырып, төмендегіні айтты.
Қазіргі таңда елімізде 257 жекеменшік мектеп бар. Онда білім алушылардың саны 63361 оқушыны құрап отыр. Тек Шымкент қаласында 34 жеке меншік мектепте 14000 оқушы мемлекеттік жан басына қаржыландыру жүйесімен ақысыз білім алуда және олардың
7 мыңға жуығы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары.
Н. Бекназаров осындай оқушыларға тиесілі әлеуметтік көмек толыққанды берілмейтінін айтып, оны шешу мақсатында «Білім туралы» заңға және Үкіметтің қаулысына өзгерістер енгізуді ұсынды.
Сенатор Нұрлан Бекназаров аталған әлеуметтік қаржыландыруды шешу арқылы мемлекеттік мектептердің жүктемесін азайтуға және ең маңыздысы аз қамтылған отбасыларды қолдауға мүмкіндік беретінін айтып, сөзін түйіндеді.