Сенатта минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салуға қатысты заң қабылданды

0
492

Жобаны ЕuroСhem Group трансұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны - Ресейдің «ЕвроХим» компаниясы іске асырады.


Сенатта минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салуға қатысты заң қабылданды

ERNUR.KZ. Сенатта «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады, деп жазады baq.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, келісім Жамбыл облысында фосфат шикізатты өндіруден бастап экспортқа бағдарланған өнім-минералдық тыңайтқыштар мен ілеспе индустриялық өнімдер шығаруға дейінгі толық өндірістік циклі бар химиялық кешеннің құрылысы мен пайдаланылуын қамтамасыз ететін қажетті инвестициялық және нормативтік-құқықтық жағдайлар жасауды көздейді.

Жобаны ЕuroСhem Group трансұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны - Ресейдің «ЕвроХим» компаниясы іске асырады.

Жобаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезең аяқталды. Тау-кен кешені пайдалануға берілді. Оның базасында жылына 660 мың тоннаға дейін фосфорит өндіру жолға қойылды, қуаты жылына 640 мың тонна орташа ұсақтау және ұсақ ұнтақтау торабы салынды және инвестиция сомасы 126 млн АҚШ долларын құрады. Сондай-ақ 550 жаңа жұмыс орны ашылды, - деді министр.

Ал екінші кезеңде өндіріс қуаты жылына кемінде 1 млн тонна болатын минералды тыңайтқыштар мен индустриялық өнімдер өндіру жөніндегі инновациялық химиялық кешен салынады.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы Еурохим компаниялар тобы II кезеңді озық қаржыландыру шеңберінде 138,7 млн АҚШ долларын инвестициялады.

- 16,7 млрд теңге салық төленді (2008 жылдан бастап);
- 24 млн АҚШ доллар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына аударымдар түрінде төленді (барлығы 40 млн АҚШ долл төленеді).

Бейбіт Атамқұлов жобаны іске асыру қандай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атады.

- 1 млрд АҚШ долларынан кем емес тікелей шетелдік инвестициялар тарту;
- жаңа жұмыс орындарын құру, оның ішінде құрылыс кезінде - 2 000-ға дейін жаңа жұмыс орындарын, пайдалану кезінде кемінде 1 200 жаңа жұмыс орнын құру;
- елдің жалпы ішкі өнімін бес жыл ішінде шамамен 2,2 млрд АҚШ долларына арттыру;
- экспорт және экспорттық түсім көлемін ұлғайту (ішкі нарықты 100% қамтамасыз еткеннен кейін ТМД, Еуропа, Орта Азия және ҚХР елдеріне экспорт);
- мемлекеттік бюджетке салық түсімдерін 200 млрд теңгеге ұлғайту;
- қалдықсыз технология бойынша қуаты жылына кемінде 1 млн тонна минералдық тыңайтқыштар мен индустриялық өнімдер өндіруді ұйымдастыру;
- Жаңатас және Қаратау моноқалаларының жедел дамуына ықпал ету;
- минералды тыңайтқыштардың импортын алмастыруды қамтамасыз ету;

Келісімді ратификациялау туралы заңның қабылдануы теріс құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық салдарға әкеп соқтырмайды, - деп айтты ол.

Заң жобасын талқылағаннан кейін Сенат депутаттары құжатты қабылдады.