Сенаттағы президенттік квота 15 депутаттан 10 депутатқа дейін қысқарады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттағы президенттік квотаны қысқартатынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Сенаттағы президенттік квотаны бақылау құралы ретінде емес, Парламентте әлсіз ұсынылған әлеуметтік топтардың дауыстары мен пікірлерін ескеру тетігі ретінде қарастырған жөн. Сондықтан Сенаттағы президенттік квотаны 15 депутаттан 10 депутатқа дейін қысқарту туралы шешім қабылдадым", - деді Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында.