"Сені өлтіреді дедім". Нүкенованың ағасы Бишімбаевпен болған жанжалды айтып берді

0
560

Айтбек Амангелді фотосуреттен Нүкенованың бет-жүзі көргеннен көрген соң үйіне іздеп барып, қарындасын алып кетпек болған.


ERNUR.KZ. Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаев екеуінің арасындағы жанжал туралы айтты, деп жазады baq.kz.

Айтбек Амангелді фотосуреттен Нүкенованың бет-жүзі көргеннен көрген соң үйіне іздеп барып, қарындасын алып кетпек болған.

Салтанат пәтер есігін ашпады. Сол соққыдан қайтыс болып кетуі де мүмкін деген түрлі ойлар келді. Полицияға хабарластым. Келіп, есікті бұзуын сұрадым. Біраз уақыттан кейін Салтанат есікті ашты. "Заттарыңды жина да, кетеміз" дедім. Ол өзінің ересек адам екенін, Қуандықты жақсы көретінін және некені сақтап қалатынын айтты. Бұдан қаттырақ ұрса сені өлтіреді деп айттым, – деді Айтбек Амангелді сот отырысында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нүкенованың ағасы марқұм қарындасының бет-жүзі көгерген фотосуретін көрсеткен болатын.