Серік Жұманғарин неліктен шегірткені «халал ас» деп айтқанын түсіндірді

0
378

Бұл тұрғыда ол жауапты мемлекеттік қызметкер екенін және ешқашан ел азаматтарына шегіртке жеуді ұсынбайтынын мәлімдеді.


Серік Жұманғарин неліктен шегірткені «халал ас» деп айтқанын түсіндірді

ERNUR.KZ. Вице-премьер Серік Жұманғарин өзінің осыған дейін айтқан «шегіртке — халал ас» деген мәлімдемесіне түсінік берді, деп жазады inform.kz.

«Бізде әлеуметтік әрі саяси өмір өте қарқынды. Сондықтан кейде көңіл көтеру үшін осындай сөздерді айтып қаламын. Бірақ шегірткені жеу керек деп ешқашан айтқан емеспін. Әңгіме барысында бұл халал өнім екенін ғана айттым. Сондықтан бұл бағытта қауесетті тоқтатып, бұрмалауды доғарған жөн», — деді Серік Жұманғарин Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда ол жауапты мемлекеттік қызметкер екенін және ешқашан ел азаматтарына шегіртке жеуді ұсынбайтынын мәлімдеді.

Оның үстіне, елімізде азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілген.