Сеул оркестрі Қазақстан мен Кореяның құрметіне концерт берді

0
965

Концертті Қазақстан астанасындағы Корея мәдени орталығы ұйымдастырды.


Сеул оркестрі Қазақстан мен Кореяның құрметіне концерт берді

ERNUR.KZ. Сеул қалалық дәстүрлі музыка оркестрі Нұр-Сұлтан қаласында Корея мен Қазақстанның стратегиялық ынтымақтастығына 10 жыл толуына орай концерт берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Музыканттар біздің елге алғаш рет келіп тұрған жоқ. 2017 жылдың қыркүйегінде олар Қазақстанда кәрістердің тұрып жатқанына 80 жыл толуы құрметіне гала-концерт берген. 1965 жылы негізі қаланған Кореядағы тұңғыш дәстүрлі музыка оркестрі дәстүрлі корей музыкасына жаңа леп беруге тырысып жатыр.

Оркестр тек дәстүрлі аспаптарда ойнайды. Ұжым Азия мен Еуропада екі мың реттен астам өнер көрсеткен. Нұр-Сұлтандағы Корея елшісі Ким Дэсик концертті аша отырып, жиналған қауымды осындай елеулі датамен құттықтап, топтың әртісіне жедел көмек көрсеткен дәрігерге алғыс айтты. Ол дәрігердің өз атының жасырын болғанын қалайтынын жеткізді.

«Дәрігердің арқасында біздің музыкант Сіздердің алдарыңызда өнер көрсете алады», - деп атап өтті дипломат.

Концертті Қазақстан астанасындағы Корея мәдени орталығы ұйымдастырды.