«Шаханов, Рахмоновтардың атын пайдаланған»: Балаева фейк-аккаунттар туралы ескертті

0
84

​Фейк-аккаунттар арқылы жалған ақпарат тарап жатыр, деп алаңдады министр


«Шаханов, Рахмоновтардың атын пайдаланған»: Балаева фейк-аккаунттар туралы ескертті

Фото: Конституциялық сот

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министр Аида Балаева жаңа Конституцияның жобасын талқылау барысында кейбір адамдар әдейі жалған ақпарат таратып, халықты адастырып жатқанын айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасын талқылау – мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды оқиғаға айналды.

«Өкінішке қарай, кейбір әлеуметттік желі қолданушылары жағдайды теріс мақсатта пайдаланып, еліміздегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттерге баруда. Арандатушылар негізсіз ақпарат таратып, жалған парақшалар мен аккаунттар ашқан (мысалы, Мұхтар Шахановтың, Шавкат Рахмоновтың және өзге де тұлғалардың атынан ашылған фейк-аккаунттар арқылы тіл, жерді сату секілді мәселелер бойынша арандатушылық ақпарат пен үндеулер жариялануда)», - деп жазады Балаева.

Сондай-ақ, министр елде ірі митингілер мен жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр деген жалған хабарлар таратылып, Конституцияның жекелеген баптарын әдейі бұрмалап түсіндіру фактілері де кездескенін растап отыр.

«Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдары мен танымал парақшаларға техникалық шабуылдар жасалып жатқаны туралы да хабарлар түсіп отыр. Қазіргі уақытта уәкілетті орган ретінде біз бұл жағдайды жан-жақты зерделеп, тиісті шаралар қабылдап жатырмыз.

Осыған байланысты тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын. Жалған ақпарат тарату қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады», - деп ескертеді ол.