Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Ертіс шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына барып, көңіл айтты.
ERNUR.KZ. Жұмысшылардың екеуі "Шығыстүстімет" ЖШС қызметкерлері, екеуі мердігер ұйымдардың қызметкерлері, тағы бір жұмысшы зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды, деп жазады stan.kz.
Өңір басшысы Ермек Көшербаевтың айтуынша, қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Бұл үшін өңірде жедел штаб құрылған.
Қазір арнайы комиссия қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.