​Шахтинск автопарк аумағында автобус өртенді

0
96

Бірнеше минуттың ішінде жағдай бақылаудан шығып кетуі мүмкін еді, тығыз орналасқан көліктер тізбекті өрт қаупін күшейтті.


​Шахтинск автопарк аумағында автобус өртенді

Фото: Видеодан алынған скрин

ERNUR.KZ. Автокәсіпорын аумағында автобус кенеттен отқа оранып, жалын жақын тұрған көліктерге тараған, деп жазады inform.kz.

Бірнеше минуттың ішінде жағдай бақылаудан шығып кетуі мүмкін еді, тығыз орналасқан көліктер тізбекті өрт қаупін күшейтті. Алайда құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында ауқымды салдардың алдын алу мүмкін болды.

13 сәуірге қараған түні Қарағанды облысының Шахтинск қаласында орналасқан серіктестіктердің бірінің аумағында автобус өртенді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жалын жылдам тарап, қатар тұрған тағы екі көлікке ауысқан.
Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері дереу жетті. Өрт сөндірушілер күш пен құралдарды жедел жұмылдырып, өрт сөндіру оқпандарын іске қосты. Өртті ауыздықтау үшін ауа-механикалық көбік қолданылып, бұл жалынды тиімді түрде басып, оның әрі қарай таралуына жол бермеді.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылының нәтижесінде тілсіз жау небәрі 16 минутта толық сөндірілді. Ең маңыздысы — құтқарушылар жақын маңда тұрған 12-ден астам автобусты оттан аман алып қалып, кәсіпорын аумағындағы ғимараттың зақымдануына жол бермеді.
Мамандар ескертеді: автокөлік құралдарында төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласу қажет.