Спорт сарайына кіру тегін болған.
ERNUR.KZ. Екібастұзда «Жасыбай» спорт кешенінде өткен жарыстардың бірінде ер адамның ерсі әрекеті жұрттың ашуына тиді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ekibasvteme Instagram парақшасында жарияланған видеодан жарысты телефон камерасына түсіріп тұрған ер адамның оғаш қылығын байқауға болады.
Автордың жазуынша, ол өзін журналист ретінде таныстырған және белгісіз себеппен шалбарын жартылай шешіп қойған.
Видеоның астындағы пікірлер арасында жарысты ұйымдастырушы тарап та келеңсіз жағдайға қатысты түсініктеме берген.
«Бізде ашық жарыстар болды. Онда балаларын қолдау үшін ата-аналардың да келуіне рұқсат берілді. Жасыбай спорт кешені бір уақытта грэпплинг пен футболдан екі турнир өткізді. 200-ге жуық қатысушы болды. Кіру тегін болды. Осы видеоны түсірген адамға ғана сұрақтар бар. Бұл жағдай туралы неге турнир ұйымдастырушыларына айтпады? Ол уақытта залда 10-ға жуық жаттықтырушы болды, олардың бірі қазіргі ММА әлем чемпионы. Жаттықтырушыларға немесе ата-аналарға айтуға болар еді. Меніңше бұл арандатушылық. Турнирдің өзі жоғары деңгейде өтті. Барлық балалар риза. Ең бастысы, жарақатсыз», - делінген жауапта.