Оқиға 7 наурыз күні сағат 11:45 шамасында ішкі терминалда болған.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Пышақ ұстаған ер адам Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алды, деп жазады stan.kz.
Оқиға 7 наурыз күні сағат 11:45 шамасында ішкі терминалда болған. Желіде оқиға орнынан видео пайда болды. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адамның қыздың шашынан тартып ұстап алғанын байқауға болады.
Алматы әуежайының мәліметінше, ер адам өзін жолаушы ретінде таныстырып, рейс алдындағы қауіпсіздік аймағына жақындаған. Қызметкер оның құжатын сұраған кезде, ер адам оны ұстап алып, пышақпен қорқықан.
Полиция мен авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері 7 минуттан кейін шабуылдаушыны ұстап, қаруын тартып алды. Қазір ол қамауға алынды. Құқық қорғау органдары мән-жайды анықтап жатыр.