Шекарадағы өткізу бекеттерінде «Электрондық кезек» жүйесі енгізіледі

0
2 620

2021-2022 жылдары ақпараттық жүйелер оңтайландырылып, жаңғыртудан өтеді.


Шекарадағы өткізу бекеттерінде «Электрондық кезек» жүйесі енгізіледі

ERNUR.KZ. Шекарадағы өткізу бекеттерінде «Электрондық кезек» жүйесі енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жасанды интеллект және көлік ағындарын автоматты басқару технологияларын енгізе отырып, өткізу пункттерін модернизациялау көзделіп отыр. Қытайдың Эксимбанкінің қарызы аясында Ахуалдық орталық құрылысын салу және 9 авто және 1 темір жол өткізу пунктін жаңғырту жоспарлануда. «Нұр жолы» өткізу пунктінің үлгісі бойынша, басқа да учаскелерде «Электрондық кезек» жүйесі енгізіледі. Бұл мобильді қосымша арқылы кезекке алдын ала тапсырыс беруге мүмкіндік береді», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтынша, 2021-2022 жылдары ақпараттық жүйелер оңтайландырылып, жаңғыртудан өтеді.

«Жалпы, ақпараттық жүйелер саны 21-ден 6-ға дейін қысқарады», - деді Қаржы министрі.