Шемонаихада жарылыстан зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетіледі – ШҚО әкімі

0
496

Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр.


Шемонаихада жарылыстан зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетіледі – ШҚО әкімі

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі бір күн бұрынғы жарылыстан төрт адам зардап шеккен оқиғаға қатысты пікір білдірді. Аймақ басшысы зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетінін айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

YK-news.kz жазуынша, қазір оқиға орнында тергеушілер жүр. Олар Шемонаихадағы газ баллондарын толтыру стансасындағы өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.

«Өрттің шығу себептерін құзырлы органдар анықтайтын болады. Төтенше оқиға орнына ШҚО ПД бастығы мен тергеушілер келді. Менің орынбасарым Дархан Сапанов пен Шемонаиха ауданының әкімі Григорий Акулов та болды». Зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Облыста осындай нысандардағы жағдай қайталанбас үшін міндетті түрде төтенше жағдайдың тексеру нәтижелерін хабарлаймыз», - деді Ермек Көшербаев.

Еске салайық, бір күн бұрын оқиға салдарынан термиялық күйік шалған төрт адам Шемонаиха аудандық ауруханасына жеткізілген болатын. Олардың екеуі ауыр халде аудандық орталық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы екі зардап шегуші – ер адам мен әйел күйік шалып, хирургиялық бөлімшеге жатқызылды, олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.