Шенеуніктер мүгедек арбасына отыруға мәжбүр болды

0
705

​​Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі жандар акция ұйымдастырып, құрылыс компаниясының басшылары мен шенеуніктерін арбаға отырғызды.


Шенеуніктер мүгедек арбасына отыруға мәжбүр болды

ERNUR.KZ. Олар осы арқылы жолдың мүгедек жандар үшін қолайсыз жасалғандығын дәлелдегісі келген, деп жазады exk.kz.

Шенділердің видеосын Экспресс К редакциясына Newscorr сервисінің қолданушысы жолдаған. Онда мердігер компанияның өкілі мен қаланың белгілі саясаткерінің жаңа төселген жолдың үстінде мүгедек арбасымен жүргенін көруге болады.

Алайда олар тротуардан түсу кезінде және оған шығарда белгілі қиындықтарға тап болады. Өйткені олар жол салу кезінде мүгедек жандардың жағдайын есепке алмаған. Акция ұйымдастырғандардың айтуынша, Талдықорғанда арбаға таңылған 700-ден астам адам тұрады екен.



Олар осы флешмобтан кейін әкімдік жол саларда мүгедектердің де қоғамымыздың белді мүшесі екенін ұмытпайтын шығар деп үміттенеді.