Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес аясында министрлік басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп кешенді іс-шаралар өткізіп жатыр.
ERNUR.KZ. Қаржы министрі Ерулан Жамаубаев шенеуніктердің отбасы мүшелеріне шетелде шот ашуға тыйым салынатынын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
Министрдің айтуынша, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес аясында министрлік басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп кешенді іс-шаралар өткізіп жатыр.
Жамаубаев министрліктің FATF бойынша (ақшаны жылыстатуға қарсы қаржылық шараларды әзірлеу тобы) жұмыс істейтінін айтты:
- мемлекеттік лауазымды тұлғаларға және квазимемлекеттік сектордағы тұлғаларға, олардың отбасы мүшелеріне шетелдік шоттар ашуға тыйым салуды енгізу;
- салық органдарының кәсіпкерлік субъектілерінен түпкілікті бенефициарлар туралы мәліметтер алу құқығын заңнамалық бекіту.