19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 4 қазан мен 14 қазан күндері аралығында Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Сурет: : Instagram/kallmurza
KFF мәліметіне сүйенсек, оқу-жаттығу жиыны аясында үш бақылау матчы өтеді. 8 қазан күні Кирилл Кекердің командасы бірінші лигада "Таразбен" кездессе, 10 қазанда "Оңтүстік Академиясымен" ойнайды. Ал соңғы матч 12 қазанда Премьер-лигада бақ сынайтын "Ордабасыға" қарсы өтеді.
Жиынға бас бапкер Кирилл Кекер 25 футболшыны шақырды.
Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Шерхан Қалмұрза, Диас Реймов (екеуі де – "Қайрат"), Саятхан Құсайынов ("Ақтөбе");
Қорғаушылар: Данияр Ташпұлатов, Әмірбек Базарбаев, Райымбек Кеңесбеков, Әкежан Қалиқұлов (бәрі – "Қайрат"), Аманжол Бақытжанов, Иван Пивоваров (екеуі де – "Тобыл"), Абзал Сағын ("Астана"), Темірлан Төребек ("Тараз");
Жартылай қорғаушылар:Евгений Петрик, Мұхамедәлі Әбіш, Алиден Мұсайыпов, Карим Махаметжан (бәрі – "Қайрат"), Әли Ақылбаев ("Шахтер"), Асан Байғалиев ("Елімай"), Даниял Назаров ("Астана");
Шабуылшылар: Мансұр Бірқұрманов, Абылай Төлеухан, Азамат Тұяқбаев, Исмаил Бекболат (бәрі – "Қайрат"), Мақсат Абраев ("Астана"), Виталий Латурнус ("Ақтөбе"), Алдияр Нұрғали ("Леванте", Испания);
Бапкерлер құрамы: Кирилл Кекер – аға бапкер, Сергей Лабодовский – аға бапкердің көмекшісі, Егор Скулкин – дене даярлығы жаттықтырушысы, Виталий Кувшинов – қақпашылар бапкері, Алексей Анкудинов – бейнесарапшы, Айдар Шабанбай – дәрігер, Жансұлтан Сатмағамбет – массажист, Рахат Әкімқұл – менеджер, Шыңғыс Алмасбаев – әкімші.