Шерзат Болат ісі: сотталушыларға үкім шықты

0
212

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы сотталушыларға 7-23 жыл арасында жаза сұраған болатын.


Шерзат Болат ісі: сотталушыларға үкім шықты

фото: uralskweek.kz

ERNUR.KZ. Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.

Айыпталушыларға келесідей сот үкімі шықты: Абзал Шынасыл 23 жыл, Равиль Сакиев 20 жыл, Азамат Тоқтаубаев 15 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет – әрқайсысы 7 жылға сотталды. Ал, Нұрқияс Ілиясов 9 жылға, «Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) 1 жыл 6 айға сотталды.

Сонымен бірге, сот прокурордың атына жекеше қаулы шығарды, яғни куәлар Д. Жақсыгелді, Э.Нұрбекова, А.Казакенова, Ю. Рузбакиевалардың әрекеттерінде қылмыс құрамдары бар болуы мүмкіндігіне назар аудартылған.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы сотталушыларға 7-23 жыл арасында жаза сұраған болатын.

Еске салайық, 2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген еді.