Шерзат Болат ісі: үкімнен кейін сот залында шу шықты

0
143

​Судья үкімді оқып, сот залынан шыққаннан кейін, қатысушылар шу көтерді.


Шерзат Болат ісі: үкімнен кейін сот залында шу шықты

ото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Шерзат Полат ісі бойынша айыпталушыларға үкім шыққаннан кейін сот залында тәртіпсіздік басталды, деп жазады tengrinews.kz.

Судья үкімді оқып, сот залынан шыққаннан кейін, қатысушылар шу көтерді, ал кабинада отырған сотталғандар шыныға жұдырықпен соққы жасады. Осыдан кейін айқай күшейе түсті.


Кадрлардан айыпталушылардың туыстары айыптау тарабына және Шерзаттың отбасына наразылықтарын айтып айқайлап жатқанын көруге болады. Кадр сыртында біреу: "Абзал!" (Шынасыл – сотталған) деп айқайлайды. Оқиға орнында арнайы жасақ бар. Олар журналистер мен сотқа қатысушыларды сыртқа шығарды.

Шерзат ісі бойынша сот үкімі

Абзал Шынасылға, екі аса ауыр және бір ауыр қылмыс, ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5), 9), 14) тармақтары (адам өлтіру), 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 1), 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардың жиынтығы бойынша – 23 жыл бас бостандығынан айыру.

Сакиев Равильге, бір аса ауыр және бірауыр қылмыс, ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардыңжиынтығы бойынша түпкілікті – 20 жыл бас бостандығынан айыру.

Тоқтаубаев Азаматқа, ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) жасағаны үшін, бұрын жасаған ауырқылмысы және ол бойынша өтелмеген жазасыескеріліп – 15 жыл бас бостандығын анайыру.

Ильясов Нұрқиясқа, ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін, бұрынғысоттылығы және ол бойынша өтелмегенжазасы ескеріліп – 9 жыл бас бостандығынан айыру.

Әскентай Дарханға, Тоқтаубаев Нұрболға, Белгожаев Шыңғысқа және Қалиахмет Дидарға ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін заңмен көзделген барынша қатаң жаза – әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру.

Кәмелет жасқа толмаған Ы.-ға ҚК-нің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Келтірілген моральдық шығынның есебіне Шынасылдан 60 миллион теңге, Сакиевтен – 30 миллион теңге, сондай-ақ қалған сотталғандардан ортақ тәртіпте және Сакиевтен – 30 миллион теңге өндірілді. Кәмелет жасқа толмаған Ы.-ға жәбірленушілер азаматтық талап қоймаған.

"Бұдан басқа, сот прокурордың атынажекеше қаулы шығарды, яғни куәлар Д. Жақсыгелді, Э.Нұрбекова, А.Казакенова, Ю. Рузбакиевалардың әрекеттерінде қылмыс құрамдары бар болуы мүмкіндігіне назар аудартылған".

Үкім заңды күшіне енген жоқ.