Өз кезегінде Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пробациялық бақылауда болғандар туралы айтты.
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
ERNUR.KZ. Қамауға алынған күдіктілердің арасында бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылған адамдар бар.Бұл туралы ІІМ тергеу департаменті бастығының орынбасары Самат Аисов баспасөз мәслихаты барысында айтты, деп жазады inform.kz.
«Қылмыстық іс бойынша күдіктілердің ішінде қылмыстық іспен кезінде (тергеуден өткен болуы мүмкін – ред. еск.) өткен адамдар да, сотталған адамдар да бар. Қылмыстардың түрлері бұзақылық және тағы да басқа», - деді ол.
Өз кезегінде Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пробациялық бақылауда болғандар туралы айтты.
«Пробациялық бақылаудағы, түнгі мерзімде жүрген тұлғалар бойынша қызметтік тексеріс өткізіп, біздің қызметкерлер не себепті бұған жол бергендерін анықтаймыз», - деді Бауыржан Әленов.
Еске салайық,4 қазанда Талғар қаласындағы төбелестен бір адам қайтыс болғанын жазғанбыз.