Сот отырысы офлайн режимде өтті.
Фото: Tengrinews.kz
ERNUR.KZ. Алматы облыстық сотында Шерзат Болат (Полат) ісі бойынша сотталған сегіз адамның апелляциялық шағымы қаралып жатыр, деп жазады tengrinews.kz.
Апелляциялық алқа сотталғандардан түскен 8 өтінішті және қылмыс орнында болған және іс бойынша куәгер болған екі қыз – Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіге қатысты екі жеке қаулыны қарады. Бұған дейін Шерзаттың ата-анасының адвокаты Мейрман Шекеев куә болған қыздардың алғашқы және соттағы жауаптарында елеулі қайшылықтар бар деп санап, оларға қатысты жеке қаулы шығаруды сұраған болатын.
Сот отырысы офлайн режимде өтті. Залға операторлар кіргізілді, ал журналистер бөлек бөлмеде монитор арқылы сотты бақылады.
Апелляциялық алқа алдында сотталғандардың қорғаушылары, олардың туыстары, сондай-ақ айыптау тарабы өз уәждерін айтуы тиіс еді. Алайда сотталушылардың өздері залда болған жоқ.
Бір сәтте сотталғандардың адвокаттары барлық операторды залдан шығарып, дыбысты өшіруді сұрады. Журналистер сот залында болып жатқанды тек соттың баспасөз қызметкері телефоны арқылы жүргізген аудиотрансляциядан ғана тыңдай алды.
Түскі үзілістен кейін журналистерді залға кіргізгенімен, бейнетүсірілім жасауға тыйым салынды.
Үзіліс кезінде сотталғандардың бірінің адвокаты Азамат Тоқтаубаевтың "Ұрлық" бабы бойынша амнистияға өтініш беретінін айтты. Еске сала кетейік, бірінші сатыдағы сот оны "Бұзақылық" және "Ұрлық" баптары бойынша 15 жылға бас бостандығынан айырған еді. Оның үстіне қылмыс жасаған кезде оның өтелмеген соттылығы болған.
Жалпы, адвокаттардың айтуынша, сотталғандар өтініштерінде оларды толық немесе ішінара ақтауды сұрайды. Сондай-ақ олар тағайындалған жаза мерзімімен келіспейді, себебі оны шамадан тыс қатаң деп есептейді.
Мәселен, Равиль Сакиевтің анасы ұлын "Адам өлтіруге оқталу" бабынан ақтап, тек "Бұзақылық" бабын ғана қарастыруды сұрады.
Сот барлық тарапты тыңдап, шешім 19 тамызда сағат 10:00-де жарияланатынын айтты.