Тергеушілер оған оқиғадан соң сұрақтар қойғаны жазылған бейне сот отырысында ұсынылды.
ERNUR.KZ. Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот процесінде сотталушының бірі – Дархан Әскентайдың жауап берген бейнедәлелдері көрсетілді, деп жазады baq.kz.
Тергеушілер оған оқиғадан соң сұрақтар қойғаны жазылған бейне сот отырысында ұсынылды.
Бейнежазбада Әскентай қайғылы оқиға болған жерді көрсетеді.
Қайтыс болған бала тура осы жерде құлады. Әйелдер жүгіріп келді, айғайлаған дауыстар естілді. Мен жарақаттанғандықтан дұрыс көрген жоқпын, - дейді ол бейнежазбада жолдың бойын көрсетіп.
Айтуынша, ол қайғылы оқиға болған жерден Нұрболмен бірге кетіп қалғалы жатқан кезде Шерзатқа жасалған қатігездікті көрген.
Мен Нұрболға: «Кеттік» дедім. Сол сәтте марқұм жігітті екі жігіт тепкілеп жатқанын көрдім. Түрлерін тани алмадым. Одан соң тез кетіп қалдық. Осы жерде марқұм жігіт құлады, - деді ол.
Сонымен қатар ол мылтықтың атылған дауысын естіген.
Сот отырысы жалғасып жатыр. Сот оқиға қатысушыларының жауаптарын, бейнематериалдар мен өзге де дәлелдерді зерттеуде.