"Шерзат пен оның ағасы үшін алаңға 200 мың адам шығады": Желіде фейк ақпарат тарап жатыр

0
261

Талғардағы оқиғаға байланысты Таразда митинг өтеді деген ақпарат жалған.


Фото: бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімдігі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Әлеуметтік желілерде Талғар қаласындағы оқиғаға қатысты Таразда митинг ұйымдастырылады деген жалған ақпарат таралып жатыр. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Кез-келген жалған ақпаратты тарату тұрғындардың бірлігіне, бейбіт тіршілігіне нұқсан келтіретін әрекеттер заң аясында жауапкершілікке алып келетінін еске саламыз. Азаматтарды тек шынайы, ресми ақпараттарға сенуге, ешқандай арандатуларға қосылмауға шақырамыз", – делінген ресми мәлімдемеде.

Әкімдік жалған ақпарат тарататындарға заң аясында жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.