Шерзат Полат ісіндегі куәгерлер жазалана ма? – Ресми жауап айтылды

0
123

Бүгінде апелляциялық сот жеке қаулыны өзгеріссіз қалдырып, үкім заңды күшіне енген.


Шерзат Полат ісіндегі куәгерлер жазалана ма? – Ресми жауап айтылды

Фото: Бейнежазбадан

ERNUR.KZ. "Ата-анасының көзінше өлтірілді" делінген 16 жастағы жасөспірім Шерзаттың өліміне қатысты істе бірінші сатыдағы сот куәгерлердің әрекеттеріне прокурордың назарын аудару туралы жеке қаулы шығарды, деп жазады inbusiness.kz.

Айта кетейік, сотта куә болған Д.Жақсыгелді, Э.Нұрбекова, А.Казакенов және Ю.Рузбакиевтерге іс қозғалуы мүмкін екені бұған дейін де жария болған.

Алматы облысының прокуратурасы сот қаулысына байланысты қандай жұмыс атқарылғанын мәлім етті.

– Д.Жақсыгелді, Э.Нұрбекова, А.Казакенов және Ю.Рузбакиевтің әрекеттеріне қатысты сот шығарған жеке қаулы бойынша, облыс прокуратурасы оны ақпараттарды есепке алу кітабына тіркеп, процестік шешім қабылдау үшін құжаттар Алматы облысының полиция департаментіне жолданды, – дейді Алматы облысы прокурорының орынбасары Абылайхан Оңдасын.

Бір жыл бұрын, яғни 4 қазан күні Талғар қаласындағы төбелестен 16 жастағы Шерзат Полат қайтыс болған еді. Оның өлімі қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Ал 5 маусымда қылмыстық іске соңғы нүкте қойылып, Шерзаттың өліміне кінәлілер сотталды.