Шерзат Полаттың ісіне ілеспе тағы қылмыстық іс қозғалды

0
114

Қылмыстық іс 29 сәуірде болған оқиғаға байланысты қозғалды.


Шерзат Полаттың ісіне ілеспе тағы қылмыстық іс қозғалды

Фото: ulysmedia.kz

ERNUR.KZ. Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Мейірман Шекеев іске қатысты ілеспе тағы бір қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп жазады ulysmedia.kz.

Қылмыстық іс 29 сәуірде болған оқиғаға байланысты қозғалды. Сол күні жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев көлігіндегі дөңгелегінің екі бұрандасы жоғын байқаған болатын.

“Бүгін қазір ғана сот отырысынан шықтық. Мынаған назар аударыңыздар. Бізге жасалған қастандық па, әлде кездейсоқтық па? Оны құдай білсін. Екі болтын шешіп алыпты. Қазір жолда жүргенде бізге өте қауіп туғызатын жағдай бұл”, - деген еді адвокат.

Бүгін Мейірман Шекеев бұл дерек бойынша Жетісу облысының Талдықорған қаласындағы полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

- Естеріңізде болса менің көлігімнің бұрандаларын шешіп кеткені бойынша арызданған едік. Бүгін соған қатысты және менің мобилографымды қорқыту әрекетіне байланысты қылмыстық іс тіркелді. Яғни ешкім жазасыз қалмайды деп ойлаймыз, дейді адвокат.