Шерзат Полаттың өлімі: жеті сотталушы апелляциялық шағым түсірді

0
126

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев айтты.


Шерзат Полаттың өлімі: жеті сотталушы апелляциялық шағым түсірді

Ulysmedia.kz коллажы

ERNUR.KZ. Шерзат Полаттың өліміне күдікті деп танылған айыпталушылар апелляциялық шағым түсірді, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев айтты.

- Апелляциялық шағым түсті. 21 маусым күні түпкілікті үкім шықты. Қазіргі таңда сол күннен бастап және сотталушылар үкімді қолына алған күннен бастап шағым түсіруге 15 тәулік мерзімдері бар. Бүгінде сотталушылардың өзінен және қорғаушыларынан, Шыңғыс Белғожаев және Думан Ысқақтан басқасының бәрінен апелляциялық шағым түскен. Соттың қаралу күнін болашақта хабардар етіп отырамыз, дейді адвокат.

ҮКІМ

Айта кетейік, 5 маусымда Талғарда кісі қолынан мерт болған жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесіне нүкте қойылды.

Сотта төрелік еткен судья Ержан Жанұзақовтың үкімімен: Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды.

Равиль Сакиев 20 жыл, Шыңғыс Белғожаев 7 жыл; Дархан Әскентай 7 жыл, Нұрқияс Ілиясов 9 жыл (бұрынғы 2,5 жылға шектеу жазасын қосқанда); Нұрбол Тоқтаубаев 7 жыл, Азамат Тоқтаубаев 15 жыл (бұрынғы жазасын бірге қосқанда), Дидар Қалиахмет 7 жылға, кәмелетке толмаған Думан Ысқақ қылмыстық кодекстің 434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) 1,5 жылға сотталды. Оның изолятордағы бір күні екі күн ретінде есептелетін болды.