Белгісіз біреулер Шерзат Полаттың отбасы тұратын үйді өртеп жіберген болатын.
фото: ССО
ERNUR.KZ. Адвокат Мейірман Шекеев Шерзат Полаттың отбасы жаңа үйге көшкенін айтты, деп жазады sputnik.kz.
Айта кетері, Шерзат Полаттың жаназасынан кейін туыстары уақытша Талғар ауданына көшіп кетті. Сол кезде белгісіз біреулер отбасының үйін өртеп жіберді. Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.
Биыл шілде айында қылмыстық іс уақытша тоқтатылды. Артынан бас прокуратура үйді өрттегендерді спутник арқылы анықтау шаралары атқарылатынын мәлімдеді. Ол үшін Ресейге тапсырыс берілді. Соның негізінде қылмыстық іс қайта тергел


