​Шерзат соты: 4 қазан күні болған жанжал бейнежазбасы жарияланды

0
151

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысы өтіп жатыр.


​Шерзат соты: 4 қазан күні болған жанжал бейнежазбасы жарияланды

Фото: Видеодан алынған скрин

ERNUR.KZ. Бүгін сот барысында Қамажай дүкенінің ішкі бейнекамерлары түсірген бейнероликтер көрсетілді. Одан кейін Талғар тұрғынының өз үйінен түсірген жанжалдың бейнежазбасы жарияланды. Онда сотталушылардың жәбірленушілерге соққы жасап жатқаны анық көрінеді, деп жазады inform.kz.

Бейнежазба көпшілікке көрсетілгеннен кейін адвокат айыпталушы Дархан Әскентайдан осы жазбадағы өз әрекетін түсіндіруді сұрады.

- Нұрбол (сотталушы) Нұрқанат Ғайыпбаевқа бара жатқан кезде мен артынан бардым. Әрі қарай «қой» деп Нұрболды алдым да, балаларды ажыраттым. Осы уақытта Абзал Шынасыл (сотталушы) мен екі рет ұрып жібереді. Сол жақ маңдайымнан ұрды, - деді Дархан Әскетай.
Судьяның «сені не үшін ұрды» деген сұрағына айыпталушы «шатастырып алған шығар, ол балаларды сол күні ғана көрдім» деп жауап берді.
Еске салайық, судья блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларына ескерту жасады.