Шерзат соты: Ғайыпбаевтың жарақаты өміріне еш қауіп төндірген жоқ – сарапшы

0
178

Миы шайқалған, маңдай бөліктен соққы тиген, терісі сыдырылған.


Шерзат соты: Ғайыпбаевтың жарақаты өміріне еш қауіп төндірген жоқ – сарапшы

фото: Sputnik/Айдана Дайырова

ERNUR.KZ. Нұрғанат Ғайыпбаевтың жарақатына сараптама жасаған Алматы облысы бойынша сот сараптамалар институтының сарапшысы Өмірбек Жолымбетовтен жауап алынды, деп жазады sputnik.kz.
Ғайыпбаевқа сараптама 9 қазанда жасалған. Оның денесіндегі жарақаттар өмірге қауіп төндірмейді, дейді сот-медициналық сарапшы Жолымбетов.
"Медициналық құжаттарға сәйкес, клиникалық жабық ми жарақатын алған. Миы шайқалған, маңдай бөліктен соққы тиген, терісі сыдырылған. Шүйде бөлігі қанталаған, кеуде қуысынан жабық жарақат алған, оң жақ жамбасында шаншыла кесілген жарақат болды. Сараптамаға сәйкес, үш аптадан аспайтын уақытқа денсаулыққа жеңіл түрде зиян келтіру деп сараланды", - деді сарапшы Өмірбек Жолымбетов.
Қысқасы сот-медициналық сарапшы Ғайыпбаевтың жарақаты өміріне қауіп төндірген жоқ дейді.
"Жамбасындағы үш дене жарақаты терең емес, анатомиялық құрылым бойынша жамбастағы бұл жарақаттар ірі қан тамырлары болмағандықтан жеңіл дене жарақаты деп бағаланды. Сараптама оқиға болғаннан кейін бір аптадан соң жасалды", - дейді Жолымбетов.
Оның айтуынша, жамбасына бір ғана заттан жарақат салынған. Мұндай дене жарақатынан адам есін жоғалтпайды, адамды мүгедек етпейді, өзі жазылып кетеді.
Еске сала кетейік, Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот жалғасып жатыр.