Сот процесі жалғасып жатыр.
Фото: zhogargy sot
ERNUR.KZ. Талдықорғанда марқұм Шерзат Полаттың ісі бойынша сот отырысында куәгерлерден жауап алынып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.
"Біз әкімдіктің алдында тұрғанбыз. Даниярға оның анасы хабарласып, біз Менделеев – Шота Руставели жаққа кеттік. Кейін сол жаққа барған кезде атыстың болғанын білдім. Мен жерде жатқан екі адамды, қан мен гильзаны көрдім", - деді куәгер Дәулет Мұхамедиярұлы.
Мемлекет айыптаушы жердегі екі адамның қандай жағдай болғанын нақтылады.
"Білмеймін, олар қозғалмай жатты. Кейін ер адам жерде жатқан бір адамды көтеріп алып, оны көлікке салды. Тек қана бір адам (көлікке салғаны) есімде. Артынша екінші адамды да көрмедім. Адамдарды алып кеткен соң, бес минуттан кейін полиция келді", - деді куә.
Прокурор Дана Сәрсенбай "Әйел адамның сөйлеген сөзін естідіңіз бе?" деп сұрады.
"Мен айғайды естідім. Бірақ оның қай жақтан және кімнен шыққаны есімде жоқ", - деді ол.