5 маусымда Талғарда кісі қолынан мерт болған жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесіне нүкте қойылды.
Ulysmedia.kz коллажы
ERNUR.KZ. Шерзат Полатты өлтірді деген 8 йаыпталушының үкімі өзгермейтін болды, деп жазады ulysmedia.kz.
БАҚ мәліметінше, бүгін барлық тарапты тыңдаған соң, апелляциялық алқа бірінші инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды.
Еске салайық, 5 маусымда Талғарда кісі қолынан мерт болған жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесіне нүкте қойылды.
Сотта төрелік еткен судья Ержан Жанұзақовтың үкімімен:
Абзал Шынасыл 23 жылға, Равиль Сакиев 20 жылға, Шыңғыс Белғожаев 7 жылға, Дархан Әскентай 7 жылға, Нұрқияс Ілиясов 9 жылға (бұрынғы 2,5 жылға шектеу жазасын қосқанда), Нұрбол Тоқтаубаев 7 жылға, Азамат Тоқтаубаев 15 жылға (бұрынғы жазасын бірге қосқанда), Дидар Қалиахмет 7 жылға сотталды.
Кәмелетке толмаған Думан Ысқақ қылмыстық кодекстің 434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) 1,5 жылға сотталып, 27 шілдеде бостандыққа шықты.