​Шерзаттың анасы «балам, балам» деп оның денесін жапты — куәгер

0
156

Айыпталушылар орындығында тоғыз адам бар, олардың бірі кәмелетке толмаған.


​Шерзаттың анасы «балам, балам» деп оның денесін жапты — куәгер

Фото: Видеодан алынған скрин

ERNUR.KZ. Шерзат ісінде тағы бір куәгер Наргиза Незамединова жауап берді, деп жазады inform.kz.

Шерзат Полаттың ісі бойынша өтіп жатқан сотта куә Наргиза Незамединова, ең бірінші анасының айқалаған даусын естігенін жеткізді.

— Шерзаттың анасы «балам, балам» деп оның денесін жауып жатты. Мен қызыл кепка киген, арықтау келген адамның Шерзатты ұрып жатқанын көрдім, — деді Незамединова.
Сондай-ақ, ол үйдің терезесінен сары шашты бір қыздың жігітпен дүкенге қарай кетіп бара жатқанын көргенін мәлімдеді.
Айта кетейік, айыпталушылар орындығында тоғыз адам бар, олардың бірі кәмелетке толмаған.
Бұрын сотта Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың тергеу кезіндегі бейнежазбасы көрсетілді.
Сонымен қатар оқиға орнына алғаш барған полицейлер куәлік берді.
Оған дейін сот отырысында куәгер Эльмира Нұрбекова жауап берді.
Екінші куәгер қыз Дана Жақсыгелді оқиға туралы баяндады.
Сотта Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ол кикілжің қалай басталғанын айтқан еді.
Еске салайық, прокурор оқиғаның толық хронологиясын баяндады.
Былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөспірім қайтыс болғанын жазған едік. 2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады. 2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасының денесі табылды.