Сыртта оған жедел жәрдем көлігі келді.
Фото: inbusiness.kz
ERNUR.KZ. Талдықорғанда өтіп жатқан басты сот талқылауы барысында марқұм Шерзаттың анасына жедел жәрдем келді, деп жазады inbusiness.kz.
Мемлекеттік айыптаушы қылмыс болған күнгі оқиғаларды рет-ретімен баяндап берді.
Осы тұста жәбірленуші тараптың адвокаты марқұмның анасының денсаулығы нашарлап жатқандықтан, соттан оны жедел жәрдемге жіберуіне рұқсат сұрады.
"Жағдайыңыз нашарлап тұр ма?", - деп сұрады судья Ержан Жанұзақов.
"Астында жедел жәрдем келіп тұр", - деді Шерзаттың анасы Гүлбара Бишембиева.
"Сіздің қатысуыңызсыз сот процесін жалғастыра беруге бола ма?", - деп нақтылады судья.
Жәбірленуші рұқсатын беріп, сот залынан шығып кетті.
Айта кету керек, осыған дейін Шерзат Полаттың соты алқабилердің қатысуынсыз өтетінін жазғанбыз. Шерзаттың өліміндегі оқиғалар рет-ретімен айтылды. Басты күдіктінің бірі кінәсін мойындамай отыр. Айыпталушылар арасында бұрын сотты болғандар да бар.