Шерзаттың өлімі бойынша сотталып жатқандардың біреуі әлі мектепте оқиды

0
317

​Сот онлайн өтіп жатыр.


Шерзаттың өлімі бойынша сотталып жатқандардың біреуі әлі мектепте оқиды

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Шерзат Полаттың өлімі бойынша сот алдында жауапқа тартылған тоғыз айыпталушының арасында 17 жастағы мектеп оқушысы да бар, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бүгін басталған басты сот талқылауында сотталушылар өзін таныстырып жатыр. Айыпталушылар арасында орта мектептің оқушысы да бар болып шықты.

17 жастағы Думан Ысқақ Алматы облысы Талғар ауданындағы Рысқұлов ауылы №16 орта мектебінде 11-сыныпта оқиды екен.

Судьяның «сотқа дайынсыз ба?» деген сұрағына:

«Иә, дайынмын», -деп жауап берді кәмелет жасына толмаған сотталушы.